Оңтүстік Корея әскери қақтығыс жүріп жатқан елдерге өлімге әкелетін қару-жарақ жеткізуге тыйым салатын заңға байланысты Украинаға мұндай қару-жарақ бермейді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Хангере» газеті Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі өкілінің сөзіне сілтеме жасап, бұл шешімнің себебін түсіндірді. 8 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский украиналық БАҚ-қа берген сұхбатында Оңтүстік Кореядан әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сұраған.

«Біздің еліміз басқа мемлекеттерге қорғаныс өнімдерін ішкі заңнама мен мемлекеттік саясат талаптарына сәйкес жеткізіп келеді және алдағы уақытта да солай болады», – деп атап өтті Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Оңтүстік Кореяның заңнамасы қарулы қақтығыстар жүріп жатқан елдерге өлімге әкелетін қару-жарақ жеткізуге тыйым салады. Сондай-ақ қаруды пайдаланушы оны тек бейбіт немесе қорғаныс мақсатында қолдануға тиіс.

Сыртқы істер министрлігі осы уақытқа дейін Украинаға энергетика саласын қоса алғанда, басқа бағыттар бойынша қолдау көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ ведомство Оңтүстік Корея болашақта Украинаны қалпына келтіру жұмыстарына қатысуды жоспарланып отырғанын мәлімдеді.