Оңтүстік Корея Украинадағы елшісін тұтқындарды беру туралы ақпараттың жария етілуіне байланысты туындаған жанжал аясында кері шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Үкімет Украинадағы елшіні кері шақыру туралы шешім қабылдады", – делінген Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.
23 қыркүйекте Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Сеулге Солтүстік Кореяның екі азаматының берілгенін жария еткен.
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен Киев бұл ақпаратты жариялағаны үшін кешірім сұрамаса, Сеул "қосымша шаралар" қабылдайтынын мәлімдеді.
