Оңтүстік Корея мен Жапония Корей түбегіндегі ядролық қарусыздану мақсатын қайта растап, қорғаныс байланыстарын нығайтуға келісті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі елдің басшылары кездесуде аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ ұстанымдарын білдірді. Тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты.
