Ресейдің Омбы қаласында болған өрт кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2026 жылдың 18 тамызында Омбы қаласындағы өрттің салдарынан қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматы Максим Багинскийдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді. Бұл туралы ведомствоның ресми хабарламасында айтылған.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың отбасына құжаттарды рәсімдеуге және Ресейдің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға көмек көрсетіп жатыр.

РИА Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше, 15 тамызда құрылыс алаңындағы өрттен кейін 11 адам ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі көз жұмған.