Омбыда 24-25 шілдеде 22-ші Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Форумның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік және сенімді қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ аймақтар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдету. Форумда көрмелер, кездесулер және елдер арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік мәселелері бойынша панельдік сессиялар сияқты бірқатар іс-шара өтеді.
Қатысушылар сондай-ақ кең мәдени бағдарламаны тамашалай алады. Алдыңғы ХХІ Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы 2025 жылдың қарашасында Орал қаласында өтті. Екі елден жүздеген делегат ауқымды іс-шараға қатысты. Мемлекет басшылары қатысқан форум 2003 жылдан бері өткізіліп келеді.
Іс-шарада Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы аймақтары арасындағы сауда-экономикалық, гуманитарлық, мәдени және ғылыми байланыстарды дамыту арқылы екі елдің аймақтарындағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
