Омбыдағы ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумында қазақстандық және ресейлік компаниялар арасындағы келіссөздердің алғашқы нәтижелері қорытындыланып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Форум аясында логистика, экология және өнеркәсіптік кооперация бойынша салалық сессиялар, жастар іс-шаралары, көрме, іскерлік кеңес отырысы және бизнес-нетворкинг платформасы өтті. Іс-шара алаңында 400-ден астам компания кездесті.
Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценконың айтуынша, іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 397 миллиард теңгеден асатын келісімшарттарға қол қойылды. Бұл екі ел кәсіпкерлерінің ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылығын көрсетеді, деді губернатор.
