Оман Сұлтаны Хейсам бен Тарик Әл Саид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен алғаш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар 5-6 қазанға жоспарланған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар аясында Астанада Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде сауда және инвестиция салаларындағы байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланады.
Оман Сұлтанымен бірге Оманның сыртқы істер, қаржы және сауда министрлері, сондай-ақ елдің инвестициялық басқармасының басшысы бастаған ірі делегация да келеді. Бұл туралы Times of Oman басылымы хабарлайды.
Бұған дейін Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан қазіргі сәтте Оман халқын қолдайтынын айтқан болатын.
