Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алса, 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Бұл сома ұлттық валюта бағамымен шамамен 123,7 миллион теңгені құрайды. Мемлекет тарапынан төленетін сыйақы мөлшері Туризм және спорт министрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілген.
Михаил Шайдоров – бүгінде Қазақстанның мәнерлеп сырғанау спортындағы басты үміттерінің бірі. Ол бірнеше дүркін ел чемпионы атанып, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Сарапшылар оны Италияда өтетін келесі Олимпиадада жүлдеден үмітті негізгі спортшылардың қатарына қосады.
Министрлік бұйрығына сәйкес, Олимпиада ойындарында тек алтын медаль үшін ғана емес, басқа жүлделерге де қомақты сыйақы қарастырылған. Күміс жүлде иегеріне 150 мың доллар, ал қола медаль алған спортшыға 75 мың доллар төленеді.
Фото: Әлеуметтік желіден
