Қазақстан олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы төлейтін елдердің қатарындағы орнын сақтап қалды. Мәселен, мемлекет бір қола медаль үшін спортшыға 75 000 доллар бір реттік төлем береді, бұдан бөлек ай сайынғы жәрдемақысы да бар, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Qazaq Expert Club сарапшысы Евгений Азарьев отандық спортшылардың қанша табыс табатынын түсіндірді.
««Ең жоғары сома, әрине, олимпиада жүлдегерлерінде. Милан-2026 олимпиадасының медальдері үшін бір реттік сыйақы прогрессивті шкаламен төленеді: алтын – 250 000 доллар, күміс – 150 000 доллар, қола – 75 000 доллар. Салыстыру үшін, АҚШ-та алтын медаль үшін берілетін сыйақы шамамен 37 500 долларды, ал Германияда 22 000 долларды құрайды», – дейді сарапшы.»
—
Евгенийдің айтуынша, Олимпиада спортшы табысының шыңы болса, әлем чемпионаттары мен Азия ойындары – оның «іргетасы». Бұл жарыстарда төлемдер айтарлықтай аз. Мысалы, әлем чемпионатындағы алтын медаль спортшыға 15 000 доллар, Азия ойындарында 10 000 доллар, ал Универсиадада бірінші орын үшін 15 000 доллар әкеледі.
««Көпшілік біле бермейтін жайт, ірі турнирлердің жүлдегерлері бір реттік сыйақыдан бөлек, мемлекеттен ай сайынғы жәрдемақы (шәкіртақы) алады. 2026 жылы АЕК 4 325 теңге болғанда, төлемдер келесідей болады: олимпиада жүлдегері 250 АЕК-ке дейін (ай сайын 1 млн теңгеден астам), әлем чемпионы – шамамен 130 АЕК (~562 000 теңге), Азия чемпионы – 90 АЕК (~389 000 теңге) алады. Бұл төлемдер спортшыға басқа табыс көзін іздемей, толығымен жаттығуға зейін қоюға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Евгений.»
—
Сарапшының пікірінше, қазақстандық жүйенің бірегей ерекшелігі – атақты спортшыларға «өмірлік зейнетақы» тағайындалуы. Спортта 20 жылдан астам тәжірибесі бар және Олимпиада медалін немесе әлем чемпионатында (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) алтын жеңіп алған спортшылар өмір бойы ай сайын 100 АЕК (432 500 теңге) алады.
««Бұл – маңызды психологиялық фактор. Спортшы мансабын аяқтағаннан кейін, егер елге жоғары нәтиже әкелсе, мемлекет оны ұмытпайтынын біледі», – деп сөзін қорытындылады Евгений Азарьев.»
—
