Украинаның Херсон облысындағы Ресей бақылауындағы Олешки қаласында бейбіт тұрғындарға көмек жеткізу және эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық миссия аяқталды. Ресей мен Украина тараптары оны АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың көмегімен ұйымдастырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, эвакуацияланған тұрғындар қауіпсіз жерде. Бір бөлігі Ресейге, қалғандары Украина бақылауындағы аумаққа кетті. Кейбір тұрғындар Олешкиде қалуды шешті.

Украинаның сыртқы саяси ведомствосы мен президент Владимир Зеленский Мелания Трампқа көмегі үшін алғыс білдірді. АҚШ-тың бірінші ханымы тұрақты бейбітшілікке үміт білдірді.

«Олешки адамзатты соғыстан жоғары көтере алатынымызды дәлелдеді. Бірге біз бейбіт планетаны, балаларымыз үшін уәделер әлемін құра аламыз», — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Операцияны өткізу үшін тараптар жергілікті атысты тоқтатуға келісті. Қалаға азық-түлік, дәрі-дәрмек және гигиена құралдары жеткізілді, ал кетуге ниет білдіргендерге көлік пен қауіпсіз бағыт ұсынылды.

Ресейдегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Яна Лантратова Украинаның омбудсмені Дмитрий Лубинецпен тұрақты гуманитарлық акциялар бойынша жұмысты жалғастыру туралы келістімін хабарлады.