Олешкидегі гуманитарлық операцияға қатысты келісімдердің бұзылғаны туралы ешқандай хабар түскен жоқ, деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Әзірге қандай да бір ықтимал бұзушылықтар туралы хабарламалар болған жоқ», – деді ол. Ресей басшысының баспасөз хатшысы гуманитарлық миссияның қазіргі уақытта жоспарға сай жүріп жатқанын айтты.
Адам құқықтарына жауапты Яна Лантратованың айтуынша, Ресей тарапынан да, Украина тарапынан да атысты тоқтату режимінің бұзылу жағдайлары тіркелмеген.
«Біз АҚШ-тың Бірінші ханымы Мелания Трамптың делдалдығымен және үйлестіруімен Украина парламентінің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецпен бірлескен жұмысымызды жалғастырудамыз. Қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын қамтамасыз ету өте маңызды. Қалада қалып қойған және біздің қолдауымызды күтіп отырған адамдарға көмек көрсету мүмкіндігі осыған тікелей байланысты», — деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Гуманитарлық миссия жүзеге асырылып жатқан аумақтарда бүгін Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 4:00-ден (Киев уақыты бойынша 3:00-ден) бастап атысты тоқтату режимі күшіне енді. Бұл режим 1 қараша күні кешкі сағат 22:59-ға дейін жалғасады.
