Оқу жылының ең ұзақ саналатын үшінші тоқсаны аяқталуға жақындады, енді екі аптадан кейін оқушылар көктемгі демалысқа шығады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Ресми түрде үшінші тоқсан 19 наурызда аяқталады. Биыл көктемгі демалыс Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп отыр. Осылайша, оқушылар 20-29 наурыз аралығында толық 11 күн демалады.
Сонымен қатар Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты 9 наурыз да қосымша демалыс күні болып бекітілген.
Еліміздің бірқатар өңірінде күн райының қолайсыздығына байланысты сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілген. Алайда жиынтық бағалау жұмыстарын (БЖБ мен ТЖБ) тапсыру үшін оқушылардың мектепке келуі міндетті.
Оқу жылының соңғы, төртінші тоқсаны наурыздың соңында басталып, сегіз аптаға созылады да, 25 мамырда аяқталады.
