Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасында қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сәйкес, қылмыстық топтың шекара маңында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан.

"Тергеу барысында заңсыз делдалдық қызметтен алынған қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілгені анықталды", - дейді прокурорлар.

Қазіргі кезде осы қылмыстық схемаға қатысы бар 23 адам анықталып, олардың бесеуі ұсталды.

Бұдан бөлек, облыста Қырғыз Республикасынан контрабандалық жолмен темекі өнімдерін тасымалдау арнасы жойылды. Жедел іс-шаралар барысында жалпы құны 103 млн теңгені құрайтын темекі өнімдері тәркіленді.

Сондай-ақ жалған кәсіпкерлік субъектілері арқылы шамамен 200 млрд теңге көлеміндегі қаражатты алыс және жақын шетелдерге заңсыз шығару фактісі анықталды.