Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мирзиёев өз хатында бұл тарихи оқиға Қазақстанның саяси жүйесін жетілдірудегі, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы және парламенттің рөлін айтарлықтай күшейтудегі жаңа кезеңнің басталуын білдіретінін жазды.
Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың мәлімдеуінше, Мирзиёев Қазақстанда болып жатқан ауқымды өзгерістердің тамаша нәтижелеріне шын жүректен қуанышты екенін айтқан. Ол ғасырлар бойы достық пен тату көршілікті бөлісетін бауырлас қазақ халқының жеріндегі өзгерістерді жоғары бағалады.
Сондай-ақ Мирзиёев Өзбекстан мен Қазақстан парламенттері арасындағы тығыз ынтымақтастық екі дос ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынас рухында жаңа сапалы деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.
Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты алғашқы Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтаған болатын.
