Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мирзиёев 29 шілдеде Астанада өтетін үшінші халықаралық жарыс – «Болашақ ойындарының» ашылу салтанатына қатысады. Жарыс 29 шілдеден 9 тамызға дейін өтеді.
Оған 50-ден астам елдің спортшылары, соның ішінде Өзбекстан спортшылары қатысады. «Болашақ ойындары – 2026» Астананың төрт заманауи спорт нысанында өтеді: Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, Beeline Arena Ұлттық теннис орталығы және «Барыс Арена» мұз сарайы.
Жарыс бағдарламасына цифрлық және физикалық кезеңдерді біріктіретін сегіз дисциплина енгізілген.
