Ташкентте полицейлер метрополитенде жоғалтып алған 10 мың долларын Қазақстан азаматына қайтарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ақшаны метро станцияларының бірінде қауіпсіздік қызметінің қызметкері тауып алған.
Ақша иесі бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Кейін қазақстандық бұл ақшаға көлік сатып алуды жоспарлағанын, алайда мәміле жасалмағанын айтқан.
