Өскеменде мерзімді әскери қызметтің сарбазына іздеу жарияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 2004 жылы туған сарбазды іздестіруде. Ол 2026 жылғы 26 шілдеде әскери бөлімнен белгісіз бағытта кеткен. Сарбаздың киімі: қорғаныс түсті жамылғы, қара аяқ киім. Бойы шамамен 175 см, орта дене бітімі, қара шаш, қара көз.
Полиция сарбазды көргендерді немесе оның орналасқан жері туралы ақпараты барларды 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
