Өскеменде порнографиялық материалдарды дайындап, таратумен айналысқан қылмыстық топтың 14 мүшесі сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Прокуратураның мәліметінше, 2018 жылдан 2024 жылға дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі елдің бірнеше өңірінде заңсыз әрекет етіп, тұрақты түрде табыс алып отырған.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін бұлтартпас дәлелдер ұсынды. Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесін кінәлі деп танып, әрқайсысына түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
