Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде 12 жастағы қытайлық баланың жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлама түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Анықталғандай, кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге қалаға турист ретінде келген. Сауда үйінде болу кезінде бала ата-анасынан адасып, өздігінен таба алмаған.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкері Бекжан Акрашов келді. Полиция қызметкері іздестіру шараларын жедел ұйымдастырды.
Полиция қызметкерінің кәсіби әрекеттерінің арқасында 12 жастағы Zhang Tang Bo 40 минут ішінде табылды. Бала ата-анасына тапсырылды.
Бұған дейін «Курсив» Абай облысындағы патрульдік полицейлердің қансырап жатқан баланы ауруханаға жеткізгенін жазған болатын.
