Өскеменде полиция қызметкері кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 4 қазанға қараған түні дәмханалардың бірінде болған. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, дәмханаға келгендердің бірі тәртіпке шақырған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған. Ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.

Полицияның хабарлауынша, күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шеккен. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Полицияның мәліметінше, оқиға кезінде ол қызметте болмаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.