Өскеменде әйелдің мойнындағы алтын алқасын жұлып алып кеткен 37 жастағы ер адам "ізін суытпай" ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленушінің айтуынша, дүкендердің бірінің маңында белгісіз ер адам оның мойнындағы алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Әйел оқиға орнында қалып, полиция қызметкерлерін күткен.

Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні іздеуге дереу кірісті. Бейнебақылау камералары арқылы оның қозғалыс бағыты анықталды. Көп ұзамай полицейлер күдіктіні оқиға орнына жақын орналасқан аулалардың бірінен байқаған.

Жедел әрекеттің арқасында 37 жастағы ер адам "ізін суытпай" ұсталды, - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.