Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 827,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға көп, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 661 мың тонна өнім өндірілген. Осылайша, биыл өндіріс көлемі 166,8 мың тоннаға артты.

Өсімдік майының негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында өндіріледі.

Сонымен қатар қаңтар-тамыз айларында өсімдік майының экспорты 704,7 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,7%-ға артық. Ал импорт көлемі керісінше 6,4%-ға азайып, 128,3 мың тоннаны құрады.

Ішкі нарықта осы кезеңде 176,9 мың тонна өсімдік майы сатылды.