2026 жылдың басынан бері «Өрлеу» бағдарламасы аясында шамамен 23 млрд теңгеге 131 жоба қаржыландырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл қаражаттың ең көп көлемін Ақтөбе облысы тартты, онда ірі бастамаларды жүзеге асыру есебінен 7,4 млрд теңгеге 12 жоба қаржыландырылды.

«Жоғары қарқын Астана (4 млрд теңгеге 24 жоба), Алматы (3,7 млрд теңгеге 21 жоба) және Шымкент (1,4 млрд теңгеге 12 жоба) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды (0,7 млрд теңгеге 8 жоба) және Абай (0,7 млрд теңгеге 10 жоба) облыстарында сақталып отыр», - деп жазылған хабарламада.

Қаржы екінші деңгейлі банктер мен «Даму» қоры арқылы ұсынылып отыр, түпкі қарыз алушы үшін мөлшерлеме 12,6%-дан аспайды.

Қаржыландырудың максималды көлемі инвестициялық жобалар үшін 7 млрд теңгеге және айналым қаражатын толықтыру үшін 3,5 млрд теңгеге жетеді.

Сондай-ақ «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыруға 2026 жылы 24 млрд теңге қарастырылған, бұл 5 мыңға жуық жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді.

Тамыз айының басында жалпы сомасы 18 млрд теңге болатын 266 жоба қолдау тапты.