Нью-Йорктегі Ист-Риверде гидроұшақ қатты қонды, бірақ зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Нью-Йорк қалалық өрт сөндіру департаментінің мәліметінше, 10 адамды тасымалдаған гидроұшақ түске таман «қатты қонды». Ұшақ тік қалпында қалып, оны портқа сүйреп апарды.

Әлеуметтік медиада тараған суреттерде ақ ұшақ сол қанатының ұшымен суға сүйеніп, бүйіріне қисайып тұрғаны көрінеді, үстінде тікұшақ ұшып жүр.