Нью-Йорк қаласында 2 977 дрон 11 қыркүйек шабуылдарының құрбандарын еске алу мақсатында Twin Towers мұнараларын толық масштабта қайта жаңғыртты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір жарық 9/11 шабуылдарының бір құрбанын білдіреді. «2,977 Lights Over New York Harbor» деп аталған бұл туынды — суретшілер, продюсерлер және 9/11 қауымдастығының мүшелерімен, соның ішінде құрбандардың отбасыларымен, аман қалғандармен және алғашқы көмек көрсетушілермен бірлесіп жасалған еске алу мақсатындағы қоғамдық өнер инсталляциясы.