Нью-Йорк шығанағында сенбі күні кешке қайық аударылып, әйел мен нәресте қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, оқиға шамамен сағат 22:25-те Азаттық мүсіні орналасқан Либерти аралының маңында болған.

Полиция келгенге дейін 12 адам судан құтқарылды, ал полиция сүңгуірлері кейін судан 27 жастағы әйел мен 5 айлық қызды тапты. Екеуі де ауруханаға жеткізілді, онда олардың қазасы расталды.

Құрбандардың есімдері отбасыларына хабарланғанға дейін жарияланбайды, деп хабарлады полиция жексенбі күні. Ешкім ұсталған жоқ, тергеу жалғасуда.