Нью-Йорк қаласы мен Нью-Джерсиде сенбі күні нөсер жауын мен найзағай салдарынан сел жүріп, кең ауқымды апат болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Нөсер суы метро станцияларына құйылып, Нью-Йорк пен Три-Стейт аймағының (оның ішінде Коннектикут) көшелерін су басты. Кейбір жүргізушілер көтерілген суда көліктерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда адамдардың тізеге дейін суда келе жатқаны, көліктердің суға батқаны және төтенше қызметтердің бірнеше адамды құтқарып жатқаны көрсетілген.
Нью-Джерсидегі футболдан әлем чемпионатының финалы қарсаңында бірқатар рейстер тоқтатылды, ал Бронкстегі Yankees-Dodgers бейсбол ойыны жауынға байланысты өтпей қалды.
