Нью-Йорк пен Делавэрде торнадо, қатты жаңбыр мен қуатты жел соқты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауа райы құбылысы АҚШ-тың солтүстік-шығысын шарпыды. Лонг-Айлендтегі Atlantic Beach арқылы өткен торнадо мен нөсер жаңбыр, сондай-ақ Делавэр астанасының бір бөлігінде электр қуатының үзілуіне әкелді.

Полиция мәліметінше, Atlantic Beach-те ауыр жарақат алғандар туралы хабарланбаған.