Нью-Йорк қалалық кеңесі 2028 жылдың маусымынан бастап қаланың танымал ат арбаларына тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұсынысты қала мэрі Зохран Мамдани қолдады. Жануарлар құқығын қорғаушылар мен шенеуніктер бұл тыйымды көп жылдар бойы талап етіп келген, алайда шешуші себеп биылғы жылы 18 жастағы жасөспірімнің қайғылы қазасы болды. Ол арба аты үркіп, құлау салдарынан қаза тапқан.
BBC тілшісі Мэдлин Халперт Нью-Йорк қаласының туристерімен, тұрғындарымен және ат арбаларында жұмыс істейтін адамдармен сұхбаттасып, олардың осы сала мен тыйымға қатысты пікірлерін білді.
