Қазақстандық еркін күрес шебері Нурасыл Асамбек (57 кг) Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Асамбек жарыстың алғашқы кезеңінде украиналық Аббас Хусейновты 4:2 есебімен, ал франциялық Гаспар Камиль Чейнуаны 11:0 есебімен ұтты. Ширек финалда америкалық Майкл Кортеске 0:6 есебімен жол берген ол, күміс жүлде үшін күресте қытайлық Чентао Вангты 10:5 есебімен жеңді. Қола үшін өткен белдесуде өзбекстандық Ұлықбек Рашидовты 13:6 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір қазақстандық балуан Бейбарыс Ерғали (92 кг) үшінші орынға таласу жолын швейцариялық Яцек Фудалейді 9:2 есебімен ұтудан бастады. Содан кейін ол украиналық Егор Горохты бөлек шешіммен (3:3) жеңді. Грузиялық Сандро Курашвилиге қарсы жартылай финалда Ерғали 1:6 есебімен ұтылып, қола үшін күресте америкалық Джеймс Мерле Мастныға 2:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде ол төртінші орынға тұрақтады.

Ералы Аскербек (65 кг) пен Айбек Қалиахмет (79 кг) ерте кезеңдерде жеңіліп, бүгінгі медальдарды бөлісуге қатыспады.

Чемпионаттың соңғы күні қарсаңында Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Грек-рим күресінен Қызыбек Қалмағамбетов (67 кг) алтын, еркін күрестен Бекасыл Асамбек (61 кг) күміс, ал Улдана Тілеухан (68 кг) пен Нурасыл Асамбек қола жүлдегер атанды.

Халықаралық күрес федерациясының (UWW) эгидасымен өтіп жатқан әлем біріншілігіне 700 жас спортшы қатысуда. Олар грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 120 медаль жиынтығын сарапқа салуда.

Қазақстан атынан Братиславада 30 спортшы – 20 жігіт пен 10 қыз өнер көрсетуде. Турнир 23 тамызда аяқталады.