Nvidia компаниясының жеткізушісі King Yuan Electronics АҚШ-та жаңа өндіріс орнын салуға 1,4 миллиард долларға дейін инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Инвестиция жартылай өткізгіштерді сынау және орау бойынша қызметтерді кеңейтуге бағытталған. Бұл қадам АҚШ-тың жартылай өткізгіштер өндірісін ішкі нарыққа қайтару саясаты аясында жасалып отыр.