Nvidia компаниясы үкімет істері жөніндегі жаңа басшы етіп тәжірибелі лоббист Брюс Эндрюсты тағайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Эндрюс бұрын АҚШ сауда өкілінің орынбасары қызметін атқарған және Ford Motor компаниясында жоғары лауазымдарда жұмыс істеген. Ол Nvidia-ның жаһандық үкімет істері жөніндегі вице-президенті болады.