Nvidia Оңтүстік Кореяның Naver компаниясының 1 миллиард долларлық жаңа акцияларын сатып алу туралы келісім жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Naver — Оңтүстік Кореяның жетекші интернет-компаниясы, оның ішінде іздеу жүйесі, онлайн-жарнама және басқа да қызметтер бар. Nvidia компаниясының бұл қадамы AI және деректер орталықтары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған деп күтілуде.
