Nvidia чип өндіруші MediaTek-ке 3,5 млрд доллар инвестиция салады және олармен әріптестікті кеңейтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Инвестиция Nvidia-ның жартылай өткізгіштер саласындағы позициясын нығайтуға және MediaTek-тің чип технологияларын дамытуға бағытталған. Бұл қадам екі компанияның да жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
