Норвегия 2027 жылы Украинаға шамамен 9 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Оның ішінде әскери мақсаттарға да қаражат қарастырылған. Бұл туралы корольдік үкіметі хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Норвегия үкіметінің сайтындағы хабарламада: "Үкімет парламентке 2027 жылы Украинаға 85 миллиард норвег кроны (9,2 миллиард доллар – ред.) көлемінде көмек көрсетуді жалғастыруды ұсынады", - делінген. Онда бұл көмектің азаматтық және әскери мақсаттарға бағытталатыны нақтыланған.

Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.