Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре Financial Times газетінен Ресей президенті Владимир Путинмен телефондағы әңгімесі туралы мақаланы түзетуді талап етті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Норвегияның VG басылымы хабарлады. Financial Times 27 қазанда жариялаған материалында Путин Норвегия және Финляндия басшыларымен телефон арқылы сөйлескен уақытының басым бөлігін "ортағасырлық славян тарихы туралы дәріс оқуға" арнағанын жазған. Стёренің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Оның сөзінше, Путин 2014 жылдан кейінгі Еуропадағы жағдай туралы айтқан. "Бұл – қате ақпарат. Біз Financial Times газетінен мақаланы түзетуді сұрадық, өйткені бұл шындыққа жанаспайды", – деді Норвегия үкіметінің басшысы. Стёренің айтуынша, Путин әңгіме барысында 2014 жылдан кейінгі Еуропадағы жағдайды сөз еткен.
Норвегия мен Финляндия басшылары Financial Times газетінен мақаланы түзетуді сұраған. Алайда газет жариялаған ақпаратының дұрыстығын алға тартып, мақаланы өзгертуден бас тартты.
