Норвегия бастауыш мектептерде жасанды интеллектті (AI) қолдануға толықтай дерлік тыйым салды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шешім балалардың дамуына AI-дің әсері туралы алаңдаушылықтан туындады. Жаңа ережелер бойынша, бастауыш мектептерде AI құралдарын пайдалануға тыйым салынады, тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Бұл шара Норвегияны AI реттеуде алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналдырды.
