Пәкістанның Броуд-Пик тауында көшкінге ұшыраған 10 адамдық халықаралық экспедициядан әйгілі британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа мен тағы үш альпинисттің мәйіті табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Пәкістанның Альпі клубы табылған альпинистерді Пурджа, Ван Чжун, Нима Шерпа және Кили Пемба Шерпа деп атады. Клуб құтқару жұмыстарына қатысқан әскери және азаматтық құтқарушылар мен еріктілерге алғыс білдірді.

Жұма күні құтқарушылар тағы төрт мәйітті тапқан, бірақ оларды алып шығу мүмкін болмаған.