Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова Азиат ойындары-2026-да 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін белдесуде ол Шри-Ланкадан келген Нетми Ахинсу Фернандо Порутотаганы мерзімінен бұрын жеңді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірінші кезең Раимованың пайдасына 5:1 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін қазақстандық тағы сегіз жауапсыз ұпай жинап, қорытынды есепті 13:1-ге жеткізді.
Белдесу мерзімінен бұрын тоқтатылды. Раимоваға техникалық басымдылық бойынша жеңіс берілді.
Осылайша, Қазақстанның әйелдер құрамасы Ойындар-2026-дағы өнерін үш наградамен аяқтады. Күмісті Эльмира Сыздыкова жеңіп алды, қоланы Зейнеп Баянова мен Раимова иеленді.
Еркін күрес бойынша ұлттық құрама үш қола награда алды. Оларды Начын Куулар, Едіге Қасымбек және Нұрқожа Қайпанов жеңіп алды. Азамат Дәулетбеков үшінші орын үшін белдесуде жеңіліс тапты.
Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы Азиаданың бір медалін жеңіп алды. Қоланы Мейіржан Шермаханбет иеленді. Шамиль Ожаев пен Ислам Евлоев құрмет тұғырынан бір қадам қалды.
Жапониядағы XX Жазғы Азиат ойындары ресми түрде 19 қыркүйекте ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын жарыстарда 460 комплект награда сарапқа салынады. Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының құрамында 35 спорт түрінен 558 спортшы өнер көрсетеді.
Азиада-2026 шолулары: 1-күн, 2-күн, 3-күн, 4-күн, 5-күн, 6-күн, 7-күн, 8-күн, 9-күн, 10-күн, 11-күн, 12-күн, 13-күн.
