Калифорниядағы Малибу жағалауындағы үйдің алдында алып шұңқыр пайда болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауадан түсірілген бейнежазбада актер Николас Кейдждікі деп есептелетін үйдің алдындағы үлкен шұңқыр көрінеді. Актер бұл үйді 2024 жылы сатып алған, деп хабарлайды New York Times.
Жергілікті биліктің мәліметінше, жағалаудағы үйдің кіреберіс жолы сейсенбі таңертең құлаған. Малибу қаласының жазбаша мәлімдемесінде көшедегі үйлерді эвакуациялау туралы бұйрық берілгені және эвакуацияланғандарға арналған уақытша баспана ұйымдастырылғаны айтылған.
