Фото: t.me/KZgovernment

Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді, деп хабарлайды Todayinfo үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оны елорда әуежайынан Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған.