Нигер астанасы Ниамейдегі әуежайда куәгерлердің айтуынша, жарылыстар мен ұзаққа созылған атыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнындағы куәгерлер әуежай маңында бірнеше жарылыс естілгенін және қарқынды атыс болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты толық ақпарат жоқ. Билік тарапынан ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.
