Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуде Иран мәселесі басты назарда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Нетаньяху Трамппен кездесу алдында журналистерге берген сұхбатында Иранның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы ықпалын талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Ол Иранның әрекеттері Израиль мен бүкіл Таяу Шығысқа қауіп төндіретінін айтты.
Кездесу Вашингтонда өтеді деп күтілуде. Нетаньяху мен Трамп бұған дейін де Иран мәселесі бойынша бірнеше рет келіссөздер жүргізген болатын. АҚШ әкімшілігі Иранға қатысты қатаң санкцияларды қолдануды жалғастыруда.
