Nestle компаниясы 2026 жылдың соңына дейін барлық өнімдерінен жасанды бояғыштарды алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Швейцариялық азық-түлік алыбы бұл қадамды тұтынушылардың табиғи ингредиенттерге деген сұранысының артуына байланысты жасап отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, жасанды бояғыштарды табиғи баламалармен алмастыру процесі біртіндеп жүзеге асырылады.
