Непалдағы Тришули 3А гидроэнергетика жобасының туннелінен екі адам құтқарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар Непал-Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан бір аптадан астам уақыт өткен соң туннельден екі адамды шығарды.

Тасқын Тришули 3А гидроэнергетика жобасының аумағын қатты зақымдап, іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты. Құтқарушылар туннельде қалған адамдарды табу үшін арнайы жабдықтар мен дрондарды қолданды.

Құтқарылғандардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Құтқару операциясы жалғасуда.