Непалдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 734 адамға жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Reuters агенттігі Табиғи апаттар қаупін азайту және олардың салдарын жою жөніндегі ұлттық басқарманың мәліметтеріне сілтеме жасап, Непалда кенеттен болған жойқын су тасқыны салдарынан кемінде 734 адам қаза тапқанын хабарлады.

Су тасқыны 26 тамыз күні таңертең Непалдың солтүстік аудандарында болды. Оған Қытай аумағынан келген қуатты су ағынының Бхоте-Коши өзеніне құйылуы себеп болған. Апат жер сілкінісінен кейін пайда болған көшкіннің салдарынан туындаған.

Қазіргі таңда 2 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында тұр.