Непалдағы табиғи апаттан кейін Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары Непал мен Қытай шекарасы аймағында жүргізілуде. Ведомство хабарламасында: "Табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның екі азаматын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген.

Бұған дейін олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткені анықталған болатын. Министрлік жоғалған адамдардың туыстарымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.