Непалдағы су тасқынының зардабын қалпына келтіру ел экономикасының 10%-ына дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Reuters агенттігінің эксклюзивті материалына сәйкес, су тасқынынан келген шығынды жоюға жұмсалатын қаржы елдің жалпы ішкі өнімінің оннан бір бөлігіне дейін жетуі мүмкін. Бұл ел экономикасы үшін айтарлықтай ауыртпалық тудырады.
