Непалда болған алапат су тасқыны салдарынан 380-нен астам турист, соның ішінде 291 шетелдік хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 95-ке жетті. Қытай шекарасына жақын таулы аймақтан Бхоте-Коши өзеніне қуатты су ағыны келіп, Расува округінің инфрақұрылымына айтарлықтай зақым келтірді.
Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізілуде. Непалдың инфрақұрылым министрі Сунил Ламсалдың айтуынша, су тасқынының келтірген шығыны шамамен 200 миллиард непал рупиясын (1,3 миллиард доллар) құрайды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады.
