Непал мен Тибет шекарасындағы күшті су тасқыны мен көшкін салдарынан кемінде 31 адам қаза тауып, жүздеген турист із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода су тасқынының ауқымы көрсетілген. Алғашқы екі бейнежазбаны BBC редакциясы ақ жарқылмен өңдеген, себебі олардың мазмұны қасіретті. Басқа кадрларда адамдардың баспана іздеп жүгіргені, көпірлердің су ағынымен қирағаны көрінеді.
Бұл оқиға Азия аймағындағы табиғи апаттардың тағы бір мысалы болып отыр. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
